Назарбаев Қаңтар оқиғасы, Кәрім Мәсімов және заңсыз байыған туыстары жөнінде сұхбат берді

Назарбаев телефон арқылы сұхбат берді


30/05/2022
12:55 33603 0

Фото: Elbasy.kz

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа телефон арқылы сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы, заңсыз байыған туыстары, Назарбаев Университеті мен қоры жөнінде айтты. Бұл Назарбаевтың Қанды қаңтар оқиғасынан кейін шығып тұрған алғашқы сұхбаты. 

 

Рахат Әлиевтің мысалы және заңсыз байыған туыстар 

 

Нұрсұлтан Назарбаев туыстары арасында оның атын пайдаланып, заңсыз байығандар болса, олар жауапқа тартылуы керектігін айтты. Ол жауапқа тартуға байланысты  үлкен қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевті мысалға келтірді. 

 

—  Егер қандай да бір туысым, менің атымды пайдаланып, заңсыздық жасаған болса, онда ол тиісті жауапқа тартылуы тиіс. Кінәсі сот алдында дәлелденуі керек. Әр азамат заң бойынша қорғануға құқылы екенін ұмытпаған жөн. 

 

Рахат Әлиевтің оқиғасы барлығының есінде деп ойлаймын. Ол менің қызымның күйеуі, немерелерімнің әкесі, ұлымдай болды. Бірақ бұның барлығы мемлекетке кедергі болған жоқ. Ол Қазақстан заңымен сотталды. Бірақ қашып үлгерді және өмірінің соңына дейін жасырынумен күні өтті. Қызығатын тағдыр емес. 

 

Қаңтар оқиғасы жөнінде

 

Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда елде кімдердің төңкеріс жасамақ болғанын анықтау қажет дейді. Оның сөзінше, ол қаңтар оқиғасы кезінде президентті қолдаған.

 

—  Осыншама өлім мен төңкерістің артында кімдердің тұрғанын анықтау қажет. Бұл сұрақтың жауабын тергеу беретініне сенімдімін. Тиісті құқық қорғау органдары ел бойынша дайындалып жатқан төңкеріс жөнінде не себепті ешнәрсе білмеді немесе білгісі келмеді осыны анықтау қажет. 

 

Сол уақытта маған қаңқу сөздерге көңіл аудармай, президентке қолдау білдіру маңызды болды. Мен оған Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының лауазымын бердім. Президенттің шешуші іс-әрекеті жағдайдың одан ары ушығып кетуіне жол бермеді. 

 

Назарбаев университеті және Кәрім Мәсімов

 

Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университеті мен қоры» төңірегіндегі дау жөніндегі сұраққа жауап бере келе қордың коммерциялық емес ұйым екенін айтты. Оның сөзінше, барлық қаржылық істермен Қамқорлық кеңесі айналысқан. Ал оның төрағасы болып сол уақытта премьер-министр болған Кәрім Мәсімов тағайындалған. 

 

—  Назарбаев Университетінің қаржысын басқару, инвестициялық сұрақтар және елдегі өзге де қаржылық институттармен байланыс мәселелерімен Қамқорлық кеңесі айналысқан. Кеңестің төрағасы сол уақыттағы премьер-министр Кәрім Мәсімов болды. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

30/05/2022 12:55
33603 0

Уведомление